Қазақстан +997 телефон кодына қашан көшеді

254
Қазақстан 2025 жылы қаңтарда жаңа +997 телефон кодына толығымен көшеді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Телекоммуникация комитетінің мәліметінше, елімізде байланыс желілерінде +997 телефон кодына көшу жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес жаңа кодқа толық көшу 2025 жылдың қаңтарына жоспарланған. Бұл кодты Қазақстан 2021 жылы алды.


Бұл ретте, комитеттің ақпараты бойынша, Халықаралық Электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, көшу кезінде елдің қолданыстағы және жаңа коды қатар екі жыл бойы пайдаланылуы мүмкін.
Халықаралық интернет-платформаларды жаңа телефон кодтарына ауыстыру туралы ведомство әртүрлі мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде сәйкестендіру кезінде халықтың абоненттік нөмірін өзгерту мәселесін осы қосымшалардың иелерімен пысықтау жоспарланғанын атап өтті.