Ел аймақтарында 39 градусқа дейін ыстық сақталады: 12 өңірге ескерту жарияланды

252

Фото: pixabay.comЕліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидормет.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Түнде Ақтөбе облысының батысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні – 15 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.


Күндіз Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады.


Күндіз Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.


Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығыста екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде бойынша 35 градус қатты ыстық, төтенше өрт қауіпі сақталады.


Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі.


Күндіз Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні –15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады, облыстың орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Қостанай қаласында күндіз 35 градус аптап ыстық.


Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.


Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші –15-20, екпіні – 23 м/с. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23 м/с-қа жетеді.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болады.