Аралда жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік айдаған

1 664

Фото: polisia.kzҚызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік айдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.


"Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара-Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын растады", – делінген полиция хабарламасында.


Айта кетсек, өңірде 6-8 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.