«ЖАЛАҒАШТЫҢ СЫРЛЫ ШЕЖІРЕСІ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

1 375

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіАудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 90 жылдығына орай жарыққа шыққан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ардагер-журналист Серік Бертаевтың «Жалағаштың сырлы шежіресі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тағылымды іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов пен ардагер-қаламгерлер, «Жалағаш жаршысы» газетінің ұжымы және шығармашылық өкілдері қатысты.

Аудандағы халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын «Жалағаш жаршысы» газетінің 90 жылдығына орай жарық көрген «Жалағаштың сырлы шежіресі» атты кітаптың бағыт-бағдары айқын. Жаңа туынды 4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Кеңес дәуіріндегі аудандық газеттің рөлі», екінші бөлімі «Жалағаш жаршысы» – Тәуелсіздік жылдарында», үшінші бөлімі «Сыр медиа» серпін берді», төртінші бөлім «Жыр арқауы – Жалағаш жаршысы» деп аталады.

«Жалағаш жаршысы» — Жалағаш ауданының ресми газеті. Бұл басылым ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, және қоғамдық өмірін қамтып, тұрғындарды аудан жаңалықтарымен, жетістіктерімен таныстырады. Газетте ауданның тарихы, мәдениеті, тұрғындарының белсенділігі, спорттық жетістіктері және басқа да маңызды оқиғалар туралы мақалалар жарияланады.

«Жалағаш жаршысы» аудан тұрғындары арасында ақпараттық алаң ретінде қызмет етеді, және олар үшін маңызды тақырыптар мен мәселелерді қозғайды.