Қазақстанда қазан айында зейнетақы 65 теңгеге өсті

2 154

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа жалпы мөлшері 120 988 теңгені құрады, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Елімізде орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті. Бір ай бұрын зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құраған.


"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 988 теңгені құрады, оның ішінде бірлескен зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге", - дееп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.


1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 312 мың зейнеткер тұрып жатыр. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.


"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге зейнетақы төленді, оның 760,1 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 1 триллион 717,5 миллиард теңгесі бірлескен зейнетақыны төлеуге бағытталды", - делінген хабарламада.