Өзбекстанға тиесілі шетелдік көліктер Қазақстанда сатылып кеткен

181
Грузиядан Өзбекстанға жеткізілуі тиіс шетелдік көліктер Маңғыстауда сатылып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Маңғыстау облысында алған транзит ұйымдастырылып, 3 автотасымалдағышқа тиелген 22 көлік көзделген жеріне жетпеген. Көліктер Құрық порты арқылы өтіп, ел аумағында сатылып кеткен. Салдарынан мемлекетке алдын ала есеп бойынша 98 миллион теңге шығын келтірілді.

Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқамасының аға тергеушісі Әлібек Дүзелбаев осы қылмысты ұйымдастырған тұлғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз деп айтты.

Арнайы базаға жалған деректер енгізіліп, аталған автокөліктер Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы деректер енгізілген. Алайдатергеу және жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында аталған автокөліктер Өзбекстанға жеткізілмегені анықталды, - дейді Әлібек Дүзелбаев.

Ол Өзбекстанға жетпеген көліктер Қазақстан Республикасы аумағында сатылып кеткендігі анықталғанын айтты.