Талғарда емтихан тапсыруға келген оқушы көз жұмды
482
Azattyq Rýhy басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін Талғар ауданының Еламан ауылындағы №41 мектепте орын алған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқушы емтихан тапсыруға мектепке мопедпен келген. 9-сынып оқушысы тоқтап үлгермей, мектепке соғылған. Алған жарақатынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облыстық білім басқармасының басшысы аталған жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқушы емтихан тапсыруға мектепке мопедпен келген. 9-сынып оқушысы тоқтап үлгермей, мектепке соғылған. Алған жарақатынан 15 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмды.
«Мектепке оқушы мопедпен келген. Сынып жетекшісі Ғалымбек Мұратбаев та, мектептің директоры да оқушыларға қауіпсіздік туралы неге ескертпеген? Оқушылар мектепке бірінші рет көлікті өздері мініп келіп тұрған жоқ. Алайда оған мектеп директоры мүлдем мән бермеген. Ақыры оқушы қайғылы жағдайға тап болды. Мынаны естіген ауыл халқына бұл жағдай ауыр соқты. Ауылдың мұғалімдері жаздық демалыстың ақшасын алады. Директорға жағымпазданған кейбір мұғалімдер ақша жинауға да ұсыныс айтып үлгерді» деді аты-жөнін атамауды өтінген Еламан ауылының тұрғыны.
Алматы облыстық білім басқармасының басшысы аталған жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.