Алматы қаласында ер адам жалған төлем түбіртектерін көрсетіп телефондарды сатып алған

290

Алматы қаласында 33 жастағы ер адам жалған төлем түбіртектерімен телефондарды сатып алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: polisia.kzҚалалық полицейлер Алматының кемінде үш тұрғынын алдап кеткен 33 жастағы ер адамды ұстады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Т.есімді азамат сайтқа ұялы телефондарды сатып алу туралы хабарландырулар орналастырды.

Әлеуетті клиентпен кездесуде ол банктің қолдан жасалған түбіртегін көрсетіп, ақшаның бір тәулік ішінде түсетініне сендіріп, тауарды алып, белгісіз бағытқа жасырынған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір тергеушілер алаяқтық бойынша 3 деректі анықтады. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (Алаяқтық) сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдікті бұрын осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған", – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.


Қазір күдіктінің қалада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуларыңызды сұрайды.

Оның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.