Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына өтінім қабылдау басталды
104
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлайды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалар қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Байқау мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр номинация бойынша үш жеңімпаз айқындалады.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы бір жыл бойы өткізіледі және келесі негізгі кезеңнен тұрады.
1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімде www.altynsapa.kz сайтында немесе өңірлік кәсіпкерлер палатасына ұсыну қажет.
Өңірлерде көрме-байқаудың өткізілу кестесі облыс әкімдігінің келісімі бойынша жасалады және www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.
Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне» (www.altynsapa.kz сайтында жарияланған) сәйкес өзі орналасқан жердегі өңірлік кәсіпкерлер палатасына материалдарын ресімдеп, ұсынады.
Өңірлік көрмеге қатысу байқауға одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік байқаудың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
2. Астана қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қыркүйек-қазан). Көрме қорытындысы бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.
3. Үшінші кезеңде 27 финалист (15-25 қазан аралығында) онлайн-дауыс беруге қатысады.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия байқаудың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (қараша).
Байқау дипломанттарына диплом мен байқау эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.
Байқауға әлеуетті қатысушыларды сайтта оқыту үшін: www.altynsapa.kz «Оқыту» бөлімінде байқауды өткізу тәртібі және конкурстардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейнесабақтар орналастырылған.
Байқауды ұйымдастырушы ӨКП базасында тегін оқыту семинарларын өткізеді. Семинарларды өткізу кестесі биыл наурыз айында конкурс сайтында орналастырылады.
Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауға қатысуға шақырамыз.
Барлық сұрақ бойынша Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 123 мекенжайындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының 3-қабат, №312 кабинетінде орналасқан Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Малика Тютебаеваға хабарласа аласыздар. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81, +7 707 988 50 80, эл.адрес: project-support.kzo@atameken.kz.