Абзал Құспан елімізде жалған құжат жасату мен ҰБТ-да 140 балл қанша тұратынын ашық айтты

515
Белгілі заңгер Абзал Құспан Қазақстанда 1 млн теңгеге жалған куәлік істетіп, 2 млн-ға 140 балл алуға болатынын жеткізді. Бұл туралы адвокат "Qasqa Jol" бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Адвокаттың сөзінше, заңгер Тұрсынбек Қабатовтың қызының Ұлттық бірыңғай тестілеуге жалған құжатпен кіргені туралы елге жария еткен соң оған тестілеудегі түрлі заңсыздықтар туралы хаттар келе бастаған.

«Мен ҰБТ-та заңсыз жолмен жоғары балл алудың орташа бағасын біліп қойдым. 1,5 – 2 млн теңгең болса сіз 120-140 балл алып шығасыз. Кепілдігімен. Ал былай қарасаңыз сол ҰБТ болатын жерде Ұлттық қауіпсіздік қызметінен бастап барлық құқық қорғау органдары жүреді. Камералар орнатылған. Соның өзінде жолын табуға болады екен. Бұл республика бойынша қанат жайған мәселе »,- деді Абзал Құспан.

Адвокат сонымен бірге Қазақстанда жалған куәлік дайындау индустриясы қатты дамып кеткенін мәлімдеді.

«Жалған құжат әзірлеу өте оңай болып кетті. Қазір онымен айналысатын қылмыстық топтар белгілі болып жатыр. Менің естуімше, 1 млн теңгенің төңірегіндегі ақшаға жеке куәлік дайындата аласыз»,- деп айтты ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.