АУДАН ӘКІМІ АҚТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
87
Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов жұмыс сапарымен Ақтөбе ауылдық округіне барып, ауыл халқымен кездесті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аудан басшысы ең әуелі ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында биылғы жылдың Ақтөбе ауылы үшін жемісті жыл болғандығын яғни, егін шаруашылығы саласы бойынша «Ақтөбе и К» ЖШС (Іздібаев Н.Т.) – Озат ауыл шаруашылығы құрылымы болып табылып, І дәрежелі дипломмен, «Оңталап», «Дөит» шаруа қожалықтары озат шаруа қожалықтары болып, І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандығына тоқталды.
Осы тұрғыда аудан әкімі ауыл халқын, дала еңбеккерлерін құттықтап, алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ақтөбе ауылы бойынша ұзындығы 2 км болатын Т.Салқынбайұлы көшесін орташа жөндеуге «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджетке өтінім өткізілгендігі және сонымен қатар ауылдық округтегі көшелерді жарықтандыру мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жыл бойы көше жарықтарын күтіп-ұстау шығындарына жұмсалып келетіндігі айтылды.
Сондай-ақ Ақтөбе ауылдық округінің әкімі атқарылған жұмыстарына халық алдында есеп беріп, тұрғындардың түйткүлді меселелеріне аудан басшылығымен бірлесе отырып заңдылықтар аясында тұшымды жауап берді.
Кездесу соңында ауыл халқы әр ай сайын халықпен кездесіп, олардың мәселесін, мұң-мұқтажын тыңдап жүрген аудан басшысына өз алғыстарын білдірді.