Шенеуніктер ұн сатып, 68 млн теңгені қалтаға басқан

929
Шымкентте шенеуніктер арзан ұнды сату кезінде 68 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.