Қызылордада есірткі жарнамасы бар граффити жазулар жойылды

1 404

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс орталығында есірткі жарнамасы бар граффити жазуларды өшіру бойынша ауқымды акция өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері, студенттер мен еріктілер есірткі қылмысымен күресу баршаға ортақ іс екенін айқын көрсетті.

Полиция департаментімен тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 391 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Профилактикалық жұмыстарды нығайту мақсатында қала, аудан жасөспірімдері арасында есірткі заттарының алдын алу үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлері, оқушы, ата-аналар мен оқытушылар қауымы қатысты. Жалпы ұйымдастырылған барлық іс-шараларға 79 мың 846 адам қатысты.

Есепті мерзімде 286 есірткі қылмысы тіркелген (оның ішінде өсіру 72, өткізу 18, аса ірі көлемде сақтау 6, жарнамалау 18, теріс қылық 107).

«Amanat» партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар 50-ден астам граффити-жазулары жойылып (Қызылорда қаласында), нәтижесінде оларды салу деректері азайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.