Шетелде қазақстандық әйел жол апатын жасап екі адам зардап шеккен

1 511

Фото: ©Pexeels.comТайландтың ең танымал курорттарының бірі – Пхукет аралында Қазақстан азаматшасы қатысқан жол-көлік оқиғалары тіркелді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Mail.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы әйел MG маркалы автокөлікпен бірнеше сағат бойы арал жолдарында бейберекет қозғалып, өзге көліктермен соқтығысқан. Ол полициядан қашуға тырысқан. Оқиға барысында оның көлігі микроавтобус пен мотоциклге соғылып, салдарынан екі адам жарақат алған. Полицейлер күдіктіні ұстау үшін көліктің әйнегін сындыруға мәжбүр болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел бұған дейін де осындай оқиғаларға қатысқан болуы мүмкін және ауыр эмоционалдық күйде болған деген болжам бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаны білетінін растады.

"Консулдық мекеме қабылдаушы елдің құзырлы органдарымен байланыста болып, қажетті консулдық көмекті көрсетіп отыр. Оқиғаның мән-жайы Таиландтың құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталуда, – делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.