Баланы қорлаған азаматқа 10 тәулік қамау берілді

1 500

Фото: Жамбыл облыстық сотыЖамбыл облысының Сарысу аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады. Сот ер адамды кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы тамызда Жаңатас қаласындағы кафелердің бірінде болған. Азамат Б. қоршаудан өтіп, кафе аумағына кірген. Кейін ол кәмелетке толмаған баланы көріп, оны қорлап, жанында жатқан заттарды лақтыра бастаған. 

Баланың анасы полиция шақырған. Оқиға бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.  

Сот отырысында азамат Б. оқиға кезінде масаң күйде болғанын және болған жағдайды есіне түсіре алмайтынын айтқан. Алайда оның кінәсі тараптардың түсініктемелерімен, әкімшілік хаттамамен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді.  

Жәбірленушінің анасы сотта мұндай жағдайдың бұған дейін де болғанын айтып, ер адамға қатаң жаза тағайындауды сұраған.  

Сот азамат Б.-ны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Аталған бап бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. 

Сот ер адамға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.