ШҚО-да VIP-нөмірлер 242 миллион теңгеге сатылды

343
Облыстық полиция департаментінің ақпарына сүйенсек, биыл өңірде 13 мыңға таяу адам бірінші жүргізуші куәлігін алған. Жеті мыңнан астам мәшине бірінші рет тіркеуге енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өңірде тіркелген көлік санына және берілген жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен жүргізуші куәліктеріне тұрақты негізде талдау жүргіземіз", - деп хабарлайды мамандар.

Статистикаға сәйкес, облыста 371 436 көлік құралы бар. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 335 936 көлік құралы, ал заңды тұлғаларға 35 500 көлік құралдары тіркелген. 6248 көлік құралы есептен шығарылған.

"Жалпы соммасы 242 755 657 теңгеге жоғары сұранысқа ие 923 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері берілді", - деп жазылған ресми хабарда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.