7 жасар қыздың саусағын эскалатор кесіп кетті
1 553
Ақтауда сауда үйлерінің бірінде жеті жастағы қыз бала эскалаторға мінер кезде қолынан жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған қыз бала дәрігердің көмегіне жүгінгенін мәлімдеді. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына саусағын кесіп алған 7 жастағы қыз бала жеткізілген.
"Дәрігерлер саусағын аман алып қалу үшін қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасады. Оған тиісті медициналық көмектің барлығы көрсетілді. Ал саусағының тұтастығына қатысты алдын ала болжам жасауға ерте", - делінген хабарламада.
Қазір науқас реабилитационарлық ем-дом қабылдап жатыр.