Референдум қорытындысы бойынша кездесу өтті

1 148

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қорытындысын қолдау мақсатында аудандық партия филиалының «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен кездесу өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты, «Теміржолшы» БПҰ төрағасы Арғын Орымбаев референдумның нәтижелеріне тоқталып, Exit-poll алдын-ала қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 70%-ға жуығы АЭС құрылысын қолдайтындарын, 30 пайызы қарсылық білдіргендерін атап өтті. Осы ретте референдум жұмысына қатысқан сайлаушылар көрсеткіші бойынша облысымыздың жоғары көрсеткішпен алдыңғы қатардан көрінгенін айтты. Бұдан бөлек аудан халқының дауыс беру күні жоғары белсенділікпен өз таңдауларын жасағанын жеткізді.

Мұнан соң жиынға қатысушы бірқатар партия мүшелері өз ойларын ортаға салып, референдум қорытындысы бойынша оң пікірлерін білдірді.

Ішкі істер министрлігі республикалық референдум кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруда.

«Бүгінде 33 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы қызмет атқаруда. Елдегі қоғамдық ахуал тұрақты, қандай да бір өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру учаскелерін бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дауыс беру учаскелеріндегі оқиғаларға уақтылы ден қою үшін әрбір ауданда мобильдік жедел топтар құрылды», - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, азаматтар мен дауыс беру комиссияларының кез келген өтініш, шағымдарына ішкі істер органдары жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдап жатыр.

«Құрметті азаматтар, Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда Ішкі істер министрлігінің кезекші бөлімдеріне немесе «102» желісіне хабарласуы қажет. Егер құқық бұзушылық тікелей дауыс беру учаскесінде болса, сіз полиция қызметкеріне немесе комиссия төрағасына жүгіне аласыздар», - дейді ол.

Бүгін елімізде Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, республикалық референдум өткізіліп, барша қазақстандықтар саяси науқанға белсене атсалысуда.

Еліміздің жарқын болашағына бағытталған саяси науқаннан аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетте қалыс қалмай, Әйтеке би кентіндегі аудандық Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесіне барып, өз таңдауымды жасады. 

Жалпыұлттық референдум арқылы елімізде АЭС салу мәселесінде дұрыс таңдау жасай білу бүгінгі шараның басты ерекшелігі. Еліміздің ертеңі үшін өткізіліп жатқан маңызды күннен барша ел азаматтары қалыс қалмай, дұрыс таңдау жасай біледі деген сенімдемін, - дейді аудан әкімі.

Ауданда жалпы 40 референдум учаскесі болса, оның 13-і аудан орталығы Әйтеке би кентінде жұмыс жасауда. Барлық дауыс беру учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 7.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды.