Қызылорда қаласы Наурыз мөлтек аудан көшелерінің шаңы шығуда
654
Қызылорда қаласына қарасты Наурыз мөлтек ауданының тұрғындары шаңнан көз ашпай келеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұрқыраған шаңнан шаршаған тұрғындардың жан айқайы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.
Қалаға қарасты Наурыз мөлтек ауданындағы Өтек Құлманов көшесінде жүріп өткен сайын шаңы көтерілуде. Ал оған Қызылорданың дәстүрлі желі қосылып шаңды аспанға шығаруда. Тұрғындардың айтуынша, асфальт былай тұрсын, құдайдың қара суын сепсе екен дейді.
Ал, тілшілеріміз Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізген болатын.
Қорытындылай келе, әкімдіктің тарапынан Наурыз мөлтек ауданында газ құбырлары аяқталған бойда, жол жүргізу жұмыстарының басталатынын айтты. Алдағы уақытта бұл мәселе біздің агенттіктің бақылауында болады.
Автор
Тоты Айтжанқызы

Мынау Наурыздағы Өтек Құлманов көшесінің кешкі көрінісі. Бұл тұман емес, бұл шаң. Осылай шаң болады да жатады үнемі. Әзірге асфальт сұрамаймыз, тым болмаса су сепсінші, алаңсыз болып кетті. Рахмет, газ кіруде, содан болар шаң, алайда су себуге болатын шығар, - деді мөлтек тұрғыны.
Бұл көшенің бұрқырап жатқанына 20 күндей болды. Кезінде асфальт бастады да, 5 метрден кейін бітпей қалып қойды. Содан газ тартып болған соң істейміз деді, енді газды тартып болды. Жол салып беруін сұраймыз. Жазда шаң, қыста балшық, жол тегіс емес шұңқыр. Келіп осыны қолға алса екен тездетіп. Суда сеуіп берсе жақсы болар еді, жүру қиын,- дейді Ермек.
Ал, тілшілеріміз Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізген болатын.
Бұл мәселеден хабардармыз. Қазіргі таңда газ жүргізу жұмыстары жүріп жатқандықтан, осындай қолайсыздықтар орын алуда. Су сепкеннен шаң басыла салмайды ғой, кеуіп қайтадан көтеріледі. Көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарда бар. Бірақ кезең-кезеңімен жасалады. Газ жүргізу жұмыстары толық аяқталысымен асфальт төсеу жұмысы қолға алынады,- деді әкімдік өкілдері.