Жалдамалы пәтер иелерінің қарызы 16,3 млн теңгеге жеткен

1 508

Фото:©Мухтор Холдорбеков/KazinformОралда жалдамалы пәтер иелері 16,3 млн астам теңге қарыздар болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

 Орал қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында жалға берілген 1 429 пәтер бар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығыжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылжан Хайруллиннің айтуынша, жалдамалы пәтер иелерінің бәрі бірдей келісімшартқа сәйкес міндеттемелерін орындай бермейді. Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, 590 пәтер иесінің 3 айдан астам қарызы бар. Бұл барлық жалдамалы пәтерлердің 40 пайызынан асады. Қазіргі кезде жалпы қарыз көлемі 16 млн 387,090 мың теңгеге жеткен.

Ай сайын жалға берілген үйлер қаржысын жинау және оны мақсатына сәйкес пайдалану бойынша мониторинг жүргізіледі. «Тұрғын үй қатынастары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мекенжайларға барып, берешекті өтеу жөнінде хабарлама табыс етеді,- дейді А.Хайруллин.

 «Тұрғын үй қатынастары орталығы» КММ бірқатар шара қабылдады. М.Мөңкеұлы 85/6 және Қамбар батыр көшесі 6-үйде тұратын екі тұрғын сот шешімімен жалдамалы пәтерінен шығарылған. 11 жалға алушыға ресми хабарлама жіберілген. Соның ішінде 9-ының қарызы 6 айдан асқан. Біреуі уақытылы төлемеумен бірге тұрғын үйде тұру ережесін үнемі бұзған. Тағы біреуі өзі тұруы тиісті пәтерді басқа біреуге жалға беріп, 6 айдан астам уақыт бойы жалға алу ақысын төлемеген.