Қызылордада сол жағалау тұрғындары интернеттің жоқтығына наразы

1 220
Интернет желісі жоқ кеңістікті елестету қиын. Тіршіліктен мақұ­рым қалғандай боламыз. Ал, жергілікті әкімдікке  1000-нан астам тұрғыны бар сол жағалаудағы  ұялы байланыстың  болмауы таңсық болмай отыр. Түптеп келгенде, интернет пен байланыс басты мәселеге айналып отыр деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңадан бой көтерген елді-мекеннің тұрғындары интернет пен мобильді байланыс антенналары мүлдем  ұстамайды деп  қынжылуда. Байланыс сапасының төмендігі соншалық интернет түгіл кәдімгі қоңырауларды шалуға мүмкіндік болмайтындығын алға тартты.  Осы орайда, сол жағалаудың тұрғыны:
«Мен   студентпін. Оқу барысында интернетке көп жүгінеміз. Ал, біздің аймақта интернет байланысы тым әлсіз. Мобильді интернет тіпті жоқ деп айтуға болады.»,- деді Назира Жарылқасын.


Бүгінгі күннің талабы баяғы кездегідей қолайлы байланыс үшін төбе іздеп, қора жағалау емес. Алайда, сол жағалаулық тұрғындарымыздың жылдар бойына көтеріліп, айтылып келуінің кемі жоқ. Тұрғындардың бар айтатыны әкімдік сапалы байланыс үшін «высшка» орнатып береміз дегеніне 3 жылдан асты дейді. Осы орайда, сапалы интернеттің жоқтығын айтып, бөлме жағалаған жұрттың көкейіндегі өзекті мәселенің шешілуін көздейтін заң жобасы да  Парламент Мәжілісімен мақұлданды. 


Ол дегеніміз сапалы байланыс орната алмаған операторлар, яғни қызмет ұсынушы компания орын алған олқылықты жоймаса ӘҚБтК-нің 637-бабы "Байланыс саласындағы заңнаманы бұзуға" сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 100 АЕК, жыл ішінде қайталап жасалған заңбұзушылыққа - 200 АЕК айыппұл салынатын болады.


Ал, қаламыздағы кабельді және оптикалық  байланыс орнататын мекемелердің бірі «Қазақтелеком» АҚ-ның мамандарының айтуынша, сол жағалаудағы тұрғындардың  барлығы бірдей біздің мекемеге тиесілі емес. Ал, жаңадан берілген үйлердің әлі күнге дейін интернетпен жалғанбауына біздің мекеме кінәлі емес деген болатын.




«Сол жағалау бойынша біздің абоненттерімізде ахау орын алып отырған жоқ. Тиесілінше интернет, телевидение, қалалық байланыс телефонымен қамтылып, үздіксіз қызмет көрсетуде. Ал, мобильді интернетке біздің мекеме жауапты емес.», -деді «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда  филалы директорының орынбасары Самат Жарасұлы.



Әкімдік баспанамен қамтып, тұрғындарды сол аймақтан үй берген кезінде инфрақұрылымдарын алдын-ала жоспарлау міндетті емес пе еді?


«Мен 53 үйдің тұрғынымын. Әкімдік о баста свет, су, коммуникация бәрі бар, деп үй бергенде сендірген. Алайда, берілген қызметтердің ішінде байланыс жоқ. Үйде отырып телефонмен интернет байланыс орната алмаймыз. Бейнеқоңыраулар қатып қалады, бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіп жүреміз. Өкінішті әрине заман талабына сай болмағаны. Біздің аймақта қанша тұрғын, студенттер бар оңай емес.»,- деді Ақжарқын апа.

Сонымен қатар, тұрғындар арасынан белсенділер жиналып арыз-шағым білдіріп, өтініш айтып әкімдікке барған екен. Жергілікті билік алдағы уақытта қолға алынатынын алға тартып, аз уақыт күте тұруын сұраған екен. Міне, содан бері тура 3 жыл зымырап өте шыққандығына наразы халық ұялы байланыс пен кабельді интернетке қатар қаражат төлеу қалтаға ауыр тиетіндігін атап өтті. 



Ал, ұялы байланыс операторларының айтуынша спутниктік антенналардың орналасуы үшін тұрғылықты адам санын көрсетіп, жергілікті билік арыз жазуы тиіс екендігін алға тартты.


Сонымен қатар, айта кету керек «Қазақтелеком» АҚ жетекші бөлім мамандарының айтуынша, жаңадан бой көтерген үйлерге әкімдік байланыс саласы бойынша қаржы қарастырылмағандығын алға тартты.
Десек те қазіргі талап байланыс операторларының жұмысын жетілдіру мен байланысты жақсарта түсуіне ықпал ете алмай келеді. Алайда, байланысты жақсартуға құлықсыз компания ма, әлде әкімдік пе? Сол жағалауға көрсетіліп келетін сапасыз интернетке жаңа заң әсер етсе жарар еді.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ