Отандық блогер пранк жасағаны үшін қамауға алынды

1 396

Фото: Видеодан скриншотАстанада тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде ойыншық тапаншамен пранк жасаған ер адам 15 күнге қамалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта блогерге қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 29 қаңтарда блогер ойыншық тапаншаны лифттегі адамдарға бағыттап, арты жанжалға ұласқан. Блогер лифтте тұрғандардың реакциясын түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген. 

Сот отырысында жас жігіт өз кінәсін мойындамады. Ол ойын-сауық мазмұнындағы бейнеролик түсірдім деп ақталмақ болған.

Жасалған құқық бұзушылық дерегі іс материалдарымен, оның ішінде бейнежазбалармен расталды.

Сот қаулысымен блогер ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.