ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАРҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨҢІЛІ ТОЛМАЙДЫ
623
Қызылордалықтар өңірде өткізілетін қоғамдық қабылдаулардың еш нәтиже бермейтінін айтуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта Қызылорда облысында халық арасында жергілікті билікке наразылықтары күшейген. Толассыз кездесулер мен қоғамдық қабылдаулардың өзі нәтиже бермейді деп шағымдануда тұрғындар. Тіпті қоғамдық қабылдау жүргізетін «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан қызметтері нәтиже бермей отырған көрінеді. Желіде Нұр Отан партиясының фейсбук парақшасын аша қалсаң, көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналардың және түйіні шешілмеген өзекті мәселелердің толассыз пікірлерінен көзің шаршайды. Солардың бірі, Сабалақ елді мекенінің тұрғыны Серік Тулегенович:
«Сабалақ елді мекені 2019 жылы қаланың бас жоспарына енгелі, біршама жұмыстар атқарылып келеді. Ол үшін алғыс білдіреміз әрине. Осы аумақтың тұрғыны ретінде айта кететін тағы бір мәселе ол электр бағаналары. Мен өзім тұратын Связист көшесі толықтай үйлер орналасқан, алайда халықтың өз күшімен тартқан ескі электр жүйесі желдің бағытына қарай аумалы-төкпелі күйде тұр. Ал тұрғыны жоқ немесе әр жерде бір үй орналасқан көшеде жаңадан жасалған электр жүйесі тұр. Бұл не бізді келемеждеу ме?» - дейді ашынған тұрғын. Ал жауапты мекемелердің арнайы жариялаған мәліметтері бойынша: «бәрі керемет сақадай сай тұр». Бірақ нәтиже қайда?!
«Сабалақ» саяжайына ауыз су тарту мәселесі партия алаңында көтеріліп, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу бойынша қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер ЖСҚ әзірлеуде», – деп 2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы арнайы мәлімет жасақтаған болатын. Яғни бұл 9 айдың қорытындысы бойынша Сабалақтың ауыз су мәселесінің шешіліп жатқандығын мәлім етті. Ал сол аймақтың түрғыны бұл мәселені партияның арнайы фейсбук парақшасында тамыз айының 6 жұлдызында жазып, пікір білдірген. Яғни сол уақыттан бері ешқандай нәтиже жоқ екендігін аңғаруға болады. Кімге сенейік халыққа ма әлде партияға ма?
Сонымен қатар, көпбалалы аналардың да мұң зарыда толастар емес. Соның бірі көпбалалы ана Зарина Сейілхан:
«Мен 2 мәрте қабылдауда болдым. Денсаулық және жеке мәселеммен бардым. Бірақ еш нәтиже жоқ» - деп ашынады көпбалалы ана.
Әрине ана болғасын бала шағасы үшін тау-тасты да қопаруға дайын. «Басқа түссе баспақшыл демекші», әр адам басына түскен кезде ғана түсінеді. Атқа мінер, Ел ағалары көмек көрсетпей кеудеден итергенде, басқадан не қайыр не үміт?!
«Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жалпы республикалық деңгейде әлеуметтік көмек көрсету алгоритмі енгізілген. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек, мүмкіндігі шектеулі балаға төленетін қаржылық қолдаулар мен күтімге байланысты жәрдемақылар төлеу жүйесі толыққанды жұмыс жасауда. Бұл жүйе шын мұқтаж бен масылдық көзқарастағы жанның ара-жігін ажыратуға бағытталған. Қыркүйек айында облыс бойынша 62 көпбалалы отбасының өкілі өтініш білдірген. Оның ішінде 44 өтініш бойынша оң шешім қабылданған»,-деген партия.
«Мен жас кәсіпкер болғандықтан жер мәселесі жөнінде барған болатынмын. Қоғамдық кездесу өтіп, мәселені қарастырамыз, хабарласамыз деп жылы жауып, шығарып салды. Алайда ешкім хабарласқан жоқ. Бірақ арнайы фейсбук желісіне біз барлығын жасап жатырмыз, бәрі жүйелі түрде шешімін табады деп әдемілеп жазып қояды» - деп күйінеді жас кәсіпкер Ақниет Қаржауұлы. Расымен де бүгінгі партияның уәде еткенімен әрекет етуі екі талай болып отыр.
2021 жылдың бүгінге дейінгі қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық партия филиалының алаңында барлығы 1015 қабылдау өткізіліп, 3107 өтініш тіркелген. Оның ішінде 1686 (54%) оң шешілсе, 1373 (46%) өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түрлі деңгейдегі әкімдер, олардың орынбасарларымен 198 қабылдаулар өткізілсе, 240 қабылдаулар жергілікті және аумақтық атқарушы орган өкілдерінің (басқармалар, бөлімдер, құқық қорғау, орталық атқарушы органдар департаменттерінің басшылары) қатысуымен өткізілді. Сонымен қатар, депутаттар қатысуымен 310 қабылдаулар өткізілді , - деп арнайы мәлімдеме жасаған болатын.
«Нұр Отанның» берген мәлімдемесін ескере кеткен жөн. Яғни бәрін қағаз жүзінде керемет жасап жатқан, партияның іске келгенде еш нәтиже көрсетпей отырғандығы ма? Сонда қай жаққа сенеміз? Көмекке зәру, қарапайым халыққа ма? Әлде бәрін «керемет» жасап отырған партияға ма? «Халық айтса, қалып айтпайды» демекші дабыл қаққан жұртшылықтың үніне құлақ асар жан болса...
Тұмар ХАНЫМ