Жолдағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жолдағы қауіпсіздік мәселелері қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін сақтаудағы мәселелерге тоқталды.
Жол-көлік оқиғаларының саны өскен Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында жағдайды қатаң бақылауға алып, жергілікті полиция бөлімдері профилактикалық шараларды күшейтуі керек.
Жиын қорытындысымен жолдар мен көшелерге жол белгілерін орнатып, тозығы жеткендерін жаңарту, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы елді мекендер тұрғындарына малды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндірме жұмысын күшейту тапсырылды. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жаңғырту, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алу қажет. Қызылорда облыстық полиция департаменті авариялық қауіпті учаскелерді анықтап, рейдтерді тұрақты ұйымдастыруға жауапты болмақ. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол белгілерін бір апта ішінде қалпына келтіруі тиіс.