Қазақстан Украинаға әскер жібергені рас па?

566

Әлеуметтік желілердегі «Қазақстан Украинаға әскер жібереді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді.

Министрліктің мәліметінше, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингентін жіберу туралы шешімді ел Президентінің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды.

Қазақстан әскери қызметшілерін Украинаға немесе одан басқа елге жіберу туралы сұрау түскен жоқ және тиісті түрде қаралып та жатқан жоқ,— деді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға қатысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.