Қызылордалық жұмысшылар наразылық білдірді

3 334
Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз АҚ- ның жұмысшылары жалақыны 50 пайызға көтеруін талап етіп, мекеме алдына жиналды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшылардың айтуынша, егер компания өз мүддесінде мәселені шеше алмаса, жалақыны 50 пайызға көтеруіне жергілікті атқарушы биліктің де қатысуын талап етті. Осы күнге дейін қойылған талаптан мардымды жауап болмағандықтан талаптың орындалуына мемлекеттік мекемелерден келіссөз барысына келуін сұрады. 




«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ- ның  4-   разрядттың операторы Аман Нәбиев : «Қаңтардың 31-і  күні біз Президент мырзаға  үндеу жасағаннан кейін, айлығымызға 15 пайыз көтеру жайлы ішкі приказ шығарылды. «Бөліп жарда жық»  саясатын қолданып ҚР Конституциясының 147 бабы ескерілмей құқықтарымыз тапталды.  Біздің басты талабымыз оператор жұмысшылар мен произвостниктердің айлықтарын 50 пайызға жоғарлату», - дейді



Ал мекеме қойылған талап бойынша жұмысшылардың  еңбекақысына 15 пайыз қосатындығын жеткізген.

Мен бұл мекемеде 1995 жылдан бері Южневтегаздың кезінен жұмыс атқарып келемін, нарықтық мәселені де өзім шешемін 2020 жылдағы тәуелсіз сарапшылардың аудиторлық қорытындысы бойынша -2 млрд 600 миллион. Соның ішінде біз КазгерМұнайдан 18,5 миллиард дивидент алдық. Бір сөзбен айтқанда компания жағдайы минуста тұр. Ал, 2021 жылдың қорытындысы 31 наурызда шығады'', - деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» Акционерлік Қоғамның бас бухгалтері Қуаныш Ажибеков.



Кездесу барысында, Петро Қазақстан ресорсиз АҚ қытайлық банктен несие алынғаны да сөз етілді.

 


Қорыта келе, Басқарма төрағасының еңбек ресурстары жөніндегі орынбасары Сулфия Даминова жұмысшылардың айлығы  алдағы уақытта 30 пайыздан артық көтерілмейтінін  ашық мәлімдеді.