Колледж студенті оқушыға пышақпен шабуылдаған

1 576

Фото: fishki.netАқтөбе облысында колледж студенті мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасаған. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған. 17 жастағы 2 курс студенті мен 9-сынып оқушысы төбелесіп қалған. Ашуға булыққан студент мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасаған. Аудандық аурухана дәрігерлері «оң жақтағы иық, бел аймағы және іш аймағының тесілген жарақаты» диагнозын қойды.  


«Алға ауданында болған жанжал салдарынан үш жігіт медициналық мекемеге жатқызылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.