Бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті 6 жыл бойы тонап келген

1 540

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек ТауекеловҚостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған. Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.


Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.


Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.