Қызылордадағы түнгі клубтардың бірінде атыс болып, бір адам жараланды

420
Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жанжал болып, соңы атыспен аяқталған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласының полиция бөліміне түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

Белгілі болғандай, сырттан келген азаматтар жәбірленушімен сөзге келіп, кейін жанжал төбелеске ұласып, соның салдарынан күдікті азаматтар атыс қаруды пайдаланып, дене жарақатын салған. Оқиға орнынан айғақты заттар алынды.

Бір адам аураханаға жатқызылды, оның денсаулығы тұрақты. Қазіргі таңда осы қылмысты жасады деген күдікті тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен "Бұзақылы" сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.