Тұрғын үйдегі түтіннен үш адам зардап шекті

1 515

Фото: © REUTERS / SHAMIL ZHUMATOVКөкшетауда әйел екі баласымен көміртек тотығына уланып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Жеке тұрғын үйде 33 жастағы әйел және екі кәмелетке толмаған бала көміртек тотығынан уланып қалған.

"Болжам бойынша, улануға пештегі ақау себеп болған. Әйел түнге қарай пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде көміртек тотығы жиналған", - дейді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Үшеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Тексеруден кейін балалар үйлеріне жіберілді, әйел ауруханаға жатқызылған.

"Науқастың жағдайы тұрақты, тыныс алуы жақсы, динамикасы жақсарған. Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.