Қазақстандық қызды Камбоджада еңбек құлдығына сатпақ болған

2 434

Коллаж: Sn.kzҚазақстандық азаматша Камбоджаға қонақүйге әкімші болып жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алып, шетелге аттанған, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алайда шетелге жеткен соң, уәде етілген жұмыс орны мен жағдай мүлде сәйкес келмейтіні анықталған. Көп ұзамай қыз еңбек құлдығына түсу қаупіне тап болған.

Оқиға туралы ақпарат түскен соң, Қазақстан ІІМ Интерполы дереу әрекетке көшіп, Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі халықаралық топпен байланысқа шықты.

Жедел іс-қимылдың арқасында бойжеткен құтқарылып, елге аман-есен жеткізілді. Қазір оны шетелге алдап алып кеткен, жұмысқа салмақ болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Барлық күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Еске саламыз, шетелге жұмысқа орналасу кезінде мұқият болу қажет. Күдікті ұсыныстар мен күмәнді компанияларға сенбеңіздер.

Кез келген қауіп туындаған жағдайда тиісті органдарға немесе Қазақстанның шетелдегі өкілдіктеріне хабарласыңыздар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.