Үш күнде жолды кесіп өткен 100-ден астам адам жауапқа тартылды
Түркістан қаласында жаяу жүргіншілеріне қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан қаласы әкімдігі ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мәліметінше, өткен жылы қала аумағында 410 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 200 камера жаңғыртудан өткізілген. Орнатылған камералардың 40-ы заманауи аналитикалық мүмкіндіктермен жабдықталған. Бұл аналитикалық камералар бет-әлпетті тану (Face ID), мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін анықтау, сондай-ақ күдікті әрекеттерді автоматты түрде тіркеу функцияларын атқарған.







