Түркістан облысында екі баланың анасы өз үйінде асылып өлді

344

Оқиға Түркістан облысы, Келес ауданында болған. 25 жасар келіншек жұмбақ жағдайда жіпке асылып қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К.



Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаны растады. Келіншек 16 шілдеде бақилық болған.

"Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен жас әйелдің өзінің тұрғын үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Хабарламаны алған бойда оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды",-деді Полиция департаментіндегілер.


Полицейлер мәйітті қарау кезінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмағанын айтты.


Белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқайдың мәліметінше, марқұмның күйеуінің туыстары қыздың төркіні келгенше келіншекті жерлеп қойған екен.


"Тағы да әйел өлімі... Өзі асылып қалды деген сылтаумен төркіні келгенше көме салған..." деп жазды журналист Facebook парақшасында.