Бауыржан Нұрланұлы: Облыста көмір тапшылығы болмайды
Облыста көмір тапшылығы болмайды , - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Облыс бойынша жылу беру маусымына көмірдің жалпы қажеттілігі 192,8 мың тоннаны құрайды. Оның 164,5 мың тоннасы аймақ тұрғындарына қажет болса, 28,3 мың тонна әлеуметтік нысандарға тиесілі.
Сала мамандарының айтуынша, биыл облыста көмір тапшылығы болмайды, сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда баға жағынан да айырмашылық жоқ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов айтты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралап, абаттандыру жұмыстарының барысын көрді.
Алдымен жаңа ЖЭО-ның құрылыс алаңына барды. Мұнда қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары аяқталған, жабдықты орнатуға негіз қалануда. Алаңға 600-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған. Жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясына салынатын жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады. Нысан қазіргі "Қызылорда жылу-электр орталығы" аумағындағы 24,5 гектар жер учаскесінде салынуда.
Аймақ басшысы құрылыс сапасы басты назарда болуы керектігін айтып, сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.
Қызылорда облысында халыққа көмір сатумен айналысатын 28 аймақтық оператор бар. Көмір түріне байланысты (Шұбаркөл, Қаражыра, Екібастұз) бағасы тоннасына 16 700-23 000теңге аралығында сатылымда екенін хабарлаймыз. Сіздерге аймақтағы орналасқан теміржол тұйықтары туралы ақпартты ұсынамыз
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі