21 жастағы қызды зорлады деген күдікті экс-полицей болып шықты

1 384

Фото: pixabay.comАстана қаласында теріс себептермен жұмыстан қуылған экс-полицей жалға алған пәтерде 21 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Диас есімді полиция қызметкері Астанада 2003 жылғы қызды зорлағаны туралы ақпарат тараған. Полицияға жәбірленушінің өзі арызданыпты. Оқиға жалға алынған пәтерде болған. Күдікті Ақмола облысы полициясының қызметкері екені жазылған.

Астана қаласының полиция департаменті бұл фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Тергеу жүріп жатыр. Күдікті – полицияның бұрынғы қызметкері, қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен қуылған»,- делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.