Нөсер жауын мен боран: Қазақстанда ауа-райы болжамы жарияланды

487

Синоптиктер 21-23 қазанына арналған ауа-райы болжамын жариялады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, желдің күшейеді.

Солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады. 

22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасының 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.