Мас әйел көпірден секіріп кетті

1 587

Фото: Polisia.kzШымкент полицейлері суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Төтенше оқиға 30 қаңтарда түстен кейінгі уақытта болған. Көпірден өзенге секірген әйелді кездейсоқ куәгер байқап қалып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік автоэкипаж жедел жетті. Инспектор Нұрислам Құдайберген батып бара жатқан әйелді құтқару үшін суға түсті. Полицей оны киімінен ұстап, әріптестерінің көмегімен жағаға шығарды.


"Бізде ойлануға уақыт болған жоқ. Азаматшаны көріп, мен бірден оны алып шығуға асықтым, тіпті судың қаншалықты салқын екенін сезбеппін. Әлбетте, әйелді жағаға шығару әріптестерімнің көмегінсіз мүмкін болмас еді. Өзімді соңғы орынға қойдым. Бұл батырлық емес, бұл менің міндетім. Өйткені, адам өмірі тәуекелге тұрарлық", - дейді Нұрислам.

Әйел зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оны дәрігерлерге тапсырды. Мұндай қадамға ол мас күйінде барғаны белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.