Жаңалық пен ізденіске толы балабақша

1 531

Ұлт болашағы – бүлдіршіндерге саналы тәрбие, сапалы білім беру балабақшадан басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Кішкентайынан оқуға, білімге, жаңалыққа бүлдіршінді қызықтыра білу, жаңалыққа құмар ету, бала бойындағы қабілетті байқау балабақша ұжымындағы білікті мамандарға да байланысты екені даусыз. Осы орайда Қызылорда қаласындағы мақтаулы балабақшалардың бірі – қалалық білім бөліміне қарасты «Сыр шуағы» бөбекжай-балабақшасының ерекшелігі туралы айтпақпыз.


Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр шуағы» бөбекжай бақшасы 280 балаға арналған, 12 топты құрайды. Тәрбие мен оқу процессі мемлекеттік тілде жүргізіледі.


Бөбекжай бақшамызда логопед-дефектолог кабинеті, педагог-психолог кабинеті, интербелсенді бөлме, ART студио, ән-әуез залы мен дене шынықтыру залымен жабдықталған. Мұнда кішкентайлар би билеп, ән айтып, салауатты өмір садтын ұстануға бейімделіп және жаңа технологияны үйренуге бейімделеді. Сонымен қатар  мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың  жаңа моделін іске асыру аясында ағымдағы жылы балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары ескеріле отырып, бөбекжай-бақшасы «Мобильді кітапхана», «STEAM алаңы», «Ертегілер әлемі», «Менің алғашқы кітаптарым», «Жолда жүріп үйренейік», «Ұлы дала мұрасы» эргономикалық орталықтарымен толықтырылған. Жаңалыққа жаны құмар бүлдіршіндерді заман талабына сай жаңалықтан қылдырмау және ұлттық құндылықтары бойына сіңіре білу, кітапқа қызықтырудың алғашқы баспалдағы да осы балабақшадан қалыптасатыны даусыз.


"Білім мен тәрбие балабақшадан басталады десек, бұл орайда балабақшаның көтерер жүгі ауыр. Бәзбіреулер ойлағандай, балабақша кішкентайлардың азаннан кешке дейін уақыт өткізетін жері емес. Бұл баланың бойындағы қабілетін оятып, дұрыс сөйлеуге, тілінің анық шығуына, сонымен қатар мектепке дайын болуына, өнерге бейімделуіне алғашқы баспалдақ",– дейді «Сыр шуағы» ІТ бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Майра Күнқожаева.


2021 жылы наурыз айының 19 күні Қызылорда облысының білім басқармасының №46-нқ бұйрығымен «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы «ІТ – балабақша» пилоттық білім беру ұйымы ретінде бекітілсе, 2023 жылдың шілде айының 01 жұлдызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің № 192 бұйрығымен озық педагогикалық тәжірибене тарату және еңгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 79 құзіреттіліклік орталықтарының бірі болып енді. ІТ балабақша – уақыт талабы. Күн сайын өзгерген, жаңа технология көз ілеспес жылдамдықпен дамыған технократтар ғасырында балабақшаны да жаңа технологиямен жабдықтап, жас буында жаңалыққа бейімдеу – бүгінгі міндеттің бірі.


"Балаларды балабақшаға қызықтыру үшін, бәсекеге қабілетті болу үшін біраз іздендік. Қазір жаңа технологиялар ғасыры. Уақыт талабына сай болу үшін ІТ балабақша ету жағын қарастырдық. Бұған ата-аналар да қызығып, балаларын әкеле бастады. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – дейді балабақша меңгерушісі Майра Алашбайқызы.


Бөбекжай бақшамызда ақпараттық – коммуникативтік технология, жобалау технологиясы, «Тәй-тәй» технологиясы, Ойын технологиясы, М.Монтессори педагогикасы, STEAM кабинеті, Робототехника үйірмесі,  «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы», В.В Воскобовичтың ойын әдісі, Д.Кюизенер таяқшалары, Интеллектум ойындарын  оқу тәрбие процессінде балалардың бірегей қабілеттерін дамытуда кеңінен қолдануда.


Педагогтардың заман талабына сай әлемдік ақпараттар мен жаңа бағдарламалардың маңыздылығын жетік меңгеріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына зор ықпалын тигізу мақсатында 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бөбекжай-бақшамыздың үнемделген қаржысынан 12 тобы 8 интерактивтік панель, «STEAМ» кабинеті мен ән- әуез залы, 13 BILIMBOOK пен 4 интерактивті тақтамен жабдықталды. Интерактивті панельдер мен интерактивті тақталарына 2020 жылы  «BILIM KIDS», «BILIMLAND», «І MEKTEP» платформалары мен  интернет желісі орнатылды. 2020 жылы «STEAМ» кабинеті «Робототехника», «роба-тышқан», «робо-ара» жиынтықтар түрлерімен толықтырылды. «Білімді ұлт, Сапалы білім беру» ұлттық жобасында «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету» бірінші міндет ретінде қойылды. Осы міндетті орындауды жалғастыру жолында бөбекжай-бақшамыз 2023 жылы 3 интерактивті панельмен, LED экран мен интербелсенді еденмен толықтырылды. Сонымен қатар «Сыр шуағы» ІТ бөбекжай-бақшамыздың  ЖАҢА ЖЕТІСТІГІ - SАNBOT роботы. Бұл құрылғы тәрбиеленушілеріміздің робототехникаға деген қызығушылығын арттырып, оларға жаңа идеялар берері даусыз. «ІТ – балабақша» пилоттық білім беруде ата-аналармен, Қызылорда оқушылар сарайының «IT IMAG ORDA» бөлімі және балаларға арналған Қызылорда қаласының ІТ паркімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. «Сыр  шуағы» бөбекжай бақшасында ата-аналардың талаптары мен балалардың қызығушылықтарын ескере отырып Қызылорда облыстық оқу орталығының әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып өткен  «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіне сәйкес қызмет түрлерін сапалы ұйымдастыру» тақырыбындағы ашық есік күнінде Қызылорда қалалық маслихат депутаттары балаларға арналған интерактивті бөлменің ашылуына байланысты лентасын қиды.


Ақпараттық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылық еңбек етуіне мол жағдай жасайды. 2021 жыл қорытындысы бойынша «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы «Бақыт мекені» номинациясымен марапатталса,  2022 жыл қорытындысы бойынша бөбекжай-бақшамыз «Озық идеялар мен технологиялар ордасы» номинациясымен марапатталды. Өткен жылы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» ұйымдастыруымен «Мен зерттеушімін» республикалық мектепке дейінгі жастағы балалар байқауында «Сыр шуағы» бөбекжай бақшасы жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Биылғы оқу жылының  өткен жылғы тамызда «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт» тамыз кеңесінің аясында Қызылорда қаласында  «Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт» тақырыбында «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің табысты бағыттарының панорамасы» аясында Қызылорда қаласының 6 пилоттық жобадағы балабақшаларына экскурсия ұйымдастырылды. Соның ішінде «Сыр шуағы» IT бөбекжай – бақшасымен  республика өңірлерінен келген сексенге жуық делегациясы балабақшамен танысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, Қызылорда облысы мектепке дейінгі ұйым  педагогтары арасында «ІТ балабақша» пилоттық жобасы аясында онлайн форматындағы ашық есік күні.


Қызылорда қаласы  VІІ бірлестік аймақ  бойынша қалалық  семинар «ІТ пилоттық жоба аясында еркін ойын дағдыларын дамытуға жағдай жасау» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар. «Балаларды ерте дамыту институты» РММ және Қызылорда облыстық оқу орталығының «әдістемелік кабинет» ұйымдастыруымен көшпелі сабақтар жүргізіп балабақша өз іс –тәжірибесімен бөлісіп отырады. Байқоңыр қаласында биылғы жылдың 21-23 ақпанында балалардың ғылыми-техникалық қабілеттерін дамыту және танымал ету мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламалау және құрастыру саласындағы дарынды тәрбиеленушілерін анықтау және оларды қолдау мақсатында Қазақстан, Өзбекстан және Ресей республикаларынан Мектепке дейінгі робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар «Жас ғарышкер 2024» «ROBO MOUSE» және «ROBO Пчела» санаты бойынша қашықтықтан онлайн формат түрінде Халықаралық Фестивалі болып өтті. Фестивальге балабақшамыздан төрт тәрбиеленушілері мен екі педагогі қатысып арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Барлығына рахмет» республикалық челленджі бойынша бөбекжай-бақшамыздың музыка жетекшісі Мұхамет Жаркынай Мұхаметқызы Алғыс хатпен марапатталса, 2024 жылдың 11 наурыз күні Нұрасыл Алпамыс дене шынықтыру нұсқаушысы әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының, салт-дәстүрлерімен, мәдениетін насихаттау мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінен I-ші орын иеленіп, республикалық кезеңінде «Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы» номинациясымен марапатталды. Мұндай байқаулар балабақша педагогтерінің біліктілігі мен білімін сынайтын және ізденіске, жаңалық пен жақсы нәрсені үйренуге, тәжірибе алмасуына ықпалын тигізетін анық. Бұл орайда балабақша ұжымы қай кезде де өз ісіне нық, әрдайым ізденіс жолында екені жұмыс нәтижесінен байқаладцы. Мектепке  дейінгі ұйымдар арасында балаларды шығармашылыққа баули отырып тәриелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің Елім-менің бақытты балалық шағым» республикалық байқау қорытындысы бойынша «ҮЗДІК БИ ҰЖЫМЫ» номинациясымен «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасы иеленді. Бұл да балабақша ұжымының еңбегінің бір көрінісі.


«Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасының тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында оқу жылын қорытындылай келе 2024 жылдың 19 сәуір күні  Шымкент қаласында «мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру: педагог тәжірибесіндегі бет бұрыс» тақырыбында өткізілген республикалық семинарда Қызылорда облысы КМҚК "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасы құзыреттілік орталығынан педагог-психолог Рзабаева Гүлмарал Алматқызы «ІТ әлем шеберлік палитрасы» тақырыбында  іс-тәжірибесімен бөліссе, сәуір айында Шымкент қаласында «STEP BY STEP» Шымкент қаласының мектепке дейінгі дамыту орталығы» және Оңтүстік Қазақстан Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің ұйымдастырылған «Үздіксіз кәсіби педагогикалық дамудың жаңашыл бастамалары» І – халықаралық форумға бөбекжай бақшамыздың әдіскері М.Қ Төлендиева қатысты.


Қорыта айтсақ, заман талабына сай әрбір ұрпақтың саналы, білімді тұлға боп жетілуінде АКТ құралдарымен жұмыс жасауды меңгеру үлкен жетістік. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану педагогтің кәсіби шеберлігін дамытудың дәстүрлі сипаты мен бағытын өзгертеді, өйткені ол «табиғи» және «жасанды» интеллект арасында міндеттерді бөлуді көздейді. Қазіргі уақытта білім беру ортасын ақпараттандырудың отандық және шетелдік тәжірибесі оның білім беру процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Ақпараттық техникалық құралдарды қолдану - білім беру үрдісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырып, танымдық процестерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтатмасыз етеді. Баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады,тілдік құзіреттілігінің негізін қалайды, қоғамдағы әлеуметтеуі мен қазіргі ақпараттық ортаға бейімдейді.


Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы болған балабақшаның қоғамда көтерер жүгі жеңіл емес. Әр үйдің еркесінің тілін тауып, өмірге қадам жасауға бейімдейтін балабақша ұжымының еңбегі зор екені айтпасада түсінікті жайт. Бұл орайда қаламыздағы ел мақтаған «Сыр шуағы» балабақшасының нәтижелі жұмысы мақтанып айтарлықтай дер едік.


А.Әлім