12 тамыз - Халықаралық жастар күні
Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен.
Халықаралық жастар күнінің 2014 жылғы тақырыбы: «Жастар және психикалық денсаулық». Психикалық денсаулығы нашар жастар қоғам тарапынан жиі кемсітушілікке ұшырап жататыны жасырын емес. Бұл өз кезегінде олардың оқшаулануына, тұйықталуына әкеп соғуы мүмкін. Олар бертін келе өздеріне осылай ат қойып, айдар тағылған соң, қандай да бір көмек сұраудан қашқақтайтын болады. Сондықтан, бүгінгі күн қоғам назарын осы мәселеге аударуға бағытталған.
Сонымен қатар, бұл күнді атап өту - жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған. Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді.
Бағдарлама 15 бағытты қамтиды. Олар: білім, жұмыспен қамту, аштық және кедейлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, бос уақытты ұйымдастыру, арулар мен жас келіншектер, жастардың қоғам өміріне және шешім қабылдау үдерісіне толыққанды және тиімді араласуы, жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, АҚТҚ/ЖҚТБ, қарулы қақтығыстар және ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мәселесі.
Қай елдің болмасын басты капиталы оның халқы, соның ішінде жастары болып табылады. Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.
Жастар — қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.
БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері - 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Демек, қазіргі таңда әлемде 1,2 млрд. жас аазматтар өмір сүреді. Бұл бүкіл жер шары хақының 18 пайызын құрайды. Олардың көпшілігі дамушы елдерде өмір сүреді және өкінішке қарай әр түрлі ресурстарға, денсаулық сақтау қызметтеріне, білімге, кәсіби дайындыққа, жұмысқа тұруға және басқа да экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкіндігінің шектеулігінен зардап шегеді.