Қызылордалық алаяқ ерлі-зайыптылар бюджеттің 24 млн теңгесін қалтаға басқан
366
Қызылорда облысы Шиелі ауданында жалған несие шартын әзірлеп, мемлекетке мүліктік залал келтірген ерлі-зайыптыларға үкім шықты , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласында тұратын азамат жұбайы екеуі жұмыссыз тұрғындарды жаңадан ашылатын кірпіш зауытына жұмысқа қабылдайтыныны жөнінде жалған уәде берген.
Олардың жеке куәлік көшірмесін алып, несиелік серіктестік құрылтайшылары қатарына қосылуға көндірген.
Шиелі аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 177-бабының 4-бөлігінің б) тармағымен кінәлі деп танылды.
Ол 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Сол арқылы «Береке-Қарғалы» несие серіктестігін» құрған. Нәтижесінде Шиелі ауданы аумағында мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық құру және дамыту мақсаты көрсетілген бизнес жоспар әзірлеген. Сол арқылы жылына 4,27 пайызбен есепшотына 30 млн теңге аударылған. Өзге кісілердің атынан жалған несие шарттарын рәсімдеген ері мен әйелі жасаған қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке 24 млн теңге аса ірі мөлшерде мүліктік залал келген, - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.