Салық қызметкерлері кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп, оларға қысым көрсеткен
1 134
Прокуратура кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп, әкімшілік жауапкершілікке тартқан лауазымды тұлғаларға жаза тағайындады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бас Прокуратура жариялаған дерекке сүйенсек, кәсіпкерлерге заңсыз тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері, оның ішінде 18 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тағы 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды. Осылайша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 346 заңсыз қозғалған қаулының күші жойылып отыр.
Сондай-ақ, прокуратура шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийге қарамастан салық органдары қызметкерлерінің жасырын тексерулері тиылмай тұрғанына да тоқталған. Сол себепті кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтарына (прокуратура сайттарында телефон нөмірлері көрсетілген) жүгіну қажет екенін еске салды.

Мысалы, “Медерхан” ЖК фискалдық чекті бермегені туралы өтініш бойынша Талғар ауданы (Алматы облысы) Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сауда нүктесінің орналасқан жеріне барған. Нысанда ол кәсіпкерді және бақылау-кассалық машинаны тіркеу туралы құжаттарды талап еткен. Іс жүзінде тексеру жүргізілді. Деректер Кәсіпкерлік кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып алынған және дәлелдемелер ретінде саналмайды. Прокурорлар қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кәсіпкерді жауапқа тарту туралы қаулының күші жойылып, тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды адамға әкімшілік айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.