Тергеудегі Боранбаев Ресейдегі McDonald’s-ті сатып алмақ болған

372
McDonald’s Ресейдің 13 аймағында өзінің мейрамханалары мен франшизасын сатады. Оларды сатып алушылардың бірі – Қазақстанның бай кәсіпкері Қайрат Боранбаев болуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл McDonald’s-тың франчайзингті дамытудағы ірі келісімшарты болмақ. Монопилияға қарсы Федералды қызмет сатылым бойынша келісімшартты мақұлдады.

Ресейдің 13 аймағында тарайтын McDonald’s желісіне Қайрат Боранбаев жаңа франчайзи атанады деп хабарлады РБК-ға бірнеше дереккөз. 2013 жылдан бері Қазақстан мен Белоруссияда McDonald’s франшизасын қолға алған Боранбаев Қазақстандағы алғашқы McDonald’s-ты 2016 жылдың наурызында ашқан болатын. 

Ресейден кететін McDonald’s мейрамханаларын The Bell басылымының жазуы бойынша не Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы саналатын Қайрат Боранбаев, не Новокузнецк кәсіпкері Александр Говор сатып алуы мүмкін. Келісім жайлы нақты ақпарат бүгін, яғни 19 мамыр күні жарияланады деп күтілуде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.