"Жалған" бұқа мен сиырлар: кәсіпкер 50 млн теңгеден астам субсидия алған

1 532

Фото: Zakon.kz ЖИ

Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы 2026 жылғы 4 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, "Медина" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет енгізіп, мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуды ұйымдастырған.

"57 асыл тұқымды аталық бұқа бар деген жалған мәлімет негізінде оларға бюджеттен 9 млн теңге аударылған. Кейін осы деректер бойынша іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмыстарға тағы 17 млн теңге бөлінген", – деп хабарлады агенттік.

Бұдан бөлек, төрт өтінімде аналық мал басының саны 3 мыңға артық көрсетілген. Соның салдарынан тағы 27 млн теңге субсидия негізсіз төленген.

Осылайша, мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден асқан.

Кооператив директорына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.