Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

1 442

Фото: Видеодан скриншотЕкібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығардыү


"Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.


Сот үкімі бойынша, Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.