Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта
310
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
24 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. Ал Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта. Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2537 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан. Жалпы Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 872 596-ға жетіп отыр.