Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
294
Биылғы жылдың ақпан айынан бері қамауда отырған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокуратура "ҚазАқпарат" агенттігінің ресми сауалына Бектановқа қатысты 2022 жылдың 19 ақпанынан бастап сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім еткен.
Қазақпараттың мәліметінше, егер айыпталушының кінәсі дәлелденсе, оған осы бапқа сәйкес, әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Бас прокуратура тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Еске салсақ, Мұрат Бектанов биыл 19 қаңтарда Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды.
Ал ақпан айының соңында Бас прокуратура Бектановтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Күдіктінің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда", - дейді Бас прокуратурадан.