Қызылордада қайыр сұраушылар көбеюде
1 136
Қызылорда қаласының көшелерінде қайыршылар саны артқан – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі
Қазіргі таңда қала көшелерінде алақан жайып күн кешіп жүрген қайыршылардың қарасы азаяр емес. Ақша тіленіп жүргендердің дені өзге ұлт өкілдері мен мүгедек адамдар және көпбалалы аналарда бар. Аяқ-қолы балғадай кісілердің алақан жайып жүрулеріне не себеп? Бейне бір қайыр тілеу жаңа мамандық түріне айналғандай. Бірі шын мұқтаждықпен алақан жайып жүрсе, енді бірі қайыршылықты кәсіп еткендер.
Қайыршылардың басым көпшілігі мешіттерді, базар маңын тұрақты әрі жылы ұяларына айналдырып алғандай. Мысалы, Қызылорда қаласындағы «Ескі базар» маңындағы бірнеше сауда орындарының айналасы қоршаған қайыршылар. Кезінде сыған әйелдерінің қайыр сұрап жүргендерін көретін болсақ, бүгінде сол қатарлардан өз қандастарымызды жиі кезіктіретін болдық. «Өлімнен ұят күшті» дейтін қазақтың бүгінгі ақ жаулықты әжелері мен көпбалалы аналар тіпті тепсе темір үзер ер азаматтарымыздың қайыр тілеп, алақан жаюларына не себеп? Әлде бүгінгі күнкөрістің қымбатшылығы ма? Қазіргі жігіттердің еңбек етуге деген құлшыныстарының төмендегендігі ме? Жұмыс жасаймын деген адамға, екі қолға бір күрек табылмауы мүмкін емес. Осы тұрғыда қала тұрғындарының пікірінше «Қайыршы дегеніміз кім?» - деп сауалнама жүргіздік.
«Қайыршы дегенде ойымызға бірден жұпыны келген адамды елестетеміз. Көбіне балаларын қолына алып,аянышты отырған аналарға 100-200 тиынымды тастап кетемін. Алайда кейбір қайыршылардың он екі мүшесі сау бола тұра жұмыс істемей, осы қайыршылықты жеңіл кәсіп тұтқандарды нда кездестірдім. Он екі мүшесі сау емес адамдарда ел қатарлы қоғамдық жұмыстарда еңбек етуде. Жәй ғана дені сап сау болып қайыр сұрап отырған аға-көкелерімді көріп көңілім қалады» - дейді Анар Рзахметқызы. Адам көп жүретін көшелерде қайыршылардың отқандарын жиі кезіктіреміз. Неғұрлым адам көп жүретін жерлерде отырса соғұрлым кешке «олжалы» қайтатыны айдан анық. Кем дегенде күніне бұл кісілер 8-10 мың арасында ойнап отырып-ақ, табатын табыс көздері.
«Мен жетіскеннен бүйтіп отқан жоқпын. Инвалидпін екі аяғым дұрыс жасамайды. Ата-анам, бала-шағамда, үйім де жоқ. Үкіметтен бірде-бір көмек түрін алмаймын. Күнде таңертең осы жерде отырып қайыр тілеймін. Түскен ақшалар өзімнің тамағыма жетеді»,-деп қысқа ғана қайырды өзін Ерболатпын деп таныстырған қайыршы жігіт.
Кейде қоғамдық орындарда қайыршылардың іс-әрекеттері жүйкеңді тоздыратыны бар. Осы тұрғыда мемлекет «Қоғамдық орындарда қайыр сұрап, жыныстық қызметті ұсынып, жұрттың мазасын алғаны үшін жауапкершілікті қарайтын Кодекстің 449 бабы бойынша, мұндай әрекеттер үшін 5 АЕК мөлшерінде, ал екінші рет 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады» деп Ішкі Істер минситрлігі мәлімдеген болатын. Яғни, әкімшілік жауапкершілікке тартылуына мемелекет тарапынан тартылады.
«Бүгінде күндерін әрең көріп жүрген қайыршыларды одан әрі қинаудың керегі жоқ секілді. Өздерінің табатын ақшалары да мардымсыз 90 тг бір күнге нан тауып алса сол да жетеді. Ол кісілерде жетіскеннен жетісіп осылай отқан жоқ шығар. Қоғамға зиянын тигізбей жүрсе, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл төлетудің керегі жоқ секілді» - дейді Айша ханым.
«Қызылордада қайыршылар саны өсіп келеді. Өзім базар маңына бара қалсам болды жиі кездестіремін. Көбісі қазақтар. Жаның ашиды. » -дейді қала тұрғыны Аслан Серікбаев.
Халық арасында қайыршылар туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқанын көруге болады. Бір жақ тарап тағдырдың тәлкегі десе, екіншісі даттап он екі мүшесі сау бола тұра ақша тіленіп жүргендеріне ашулы. Негізінде мемлекет тарапынан әр қалада кемі бір қайыршыларды оңалту орталықтары бар. Мысалы Қызылорда қаласында Тасбөгет кентінде 30 – ға жуық үйсіз жүрген адамдар паналауда. Көшеде телміріп, өткен-кеткеннің қолына қарап отырған жандар біле бермесі анық.
Алдымызда, қылышын сүйретіп қыстың келе жатқан уақытында оңалту мекемелеріне өздері келіп паналауларына да болады. Бүгінде қайыршылықтың алдын-алу мақсатында әр мемлекет әртүрлі көмек түрлерін көрсетуде. Біздің де мемлекетіміз құр қалмай оңалту мекемелерін тұрғызғанымен тұрғындардың басым көпшілігі бейхабар.
АЙБАР