Сарбазды атып өлтірген әскери қызметші 13 жылға сотталды

1 346

Фото: istockphoto.comМаңғыстау облысында сарбаз Марат Барқұловты өлтірді деп айыпталған әскери қызметші Дамир Досовқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыссөзде прокурор Қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-тармағына (кісі өлтіру) сәйкес, Дамир Досовты 13 жылға соттауды сұраған еді. Судья іс бойынша шешім шығарды.

«Дамир Досов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ол 13 жылға сотталсын. Сондай-ақ «лейтенант» шенінен айырылсын. Досовтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге өндірілсін»,- деді судья Тамара Королевская.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Судья сараптамалардың бәрі қаралып, куәгерлердің жауабы бойынша осындай шешім қабылданғанын айтты.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.