Аңсаған сәби: Бір адам неше рет тегін экоұрықтандыру жасата алады

489
Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева бала сүйгісі келген жұптар мен аналар «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы неше рет экстракорпоральды ұрықтандыруға қатыса алатынын айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Экстракорпоралды ұрықтандыруды жылына бір рет жасауға болады. Алдыңғы «эко» нәтижесіз өтсе, келесі жылы дайындалып, қайтадан тегін жасата алады. Яғни, алдыңғы «эко» нәтижесіз болғандықтан, мемлекет тарапынан қайта тегін көмек алуға құқылы», - деді маман брифингте.

Сонымен қатар «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша қандай жұптар жиі жүгініп жатқанын айта өтті.

«Бедеуліктің екі түрі бар. Бірі туа пайда болса, екіншісі жүре пайда болады. Бізге солардың ішінде көбіне жүре пайда болған ақаулардың, жүре пайда болған созылмалы аурулардың салдарынан бедеулікке шалдыққан адамдар жиі келіп жатыр», - деді Айгүл Мұсабаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.