Екі адам қаза тапты. Маңғыстауда кен орнындағы жатақханада өрт болды

510
Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМГ сайтына сілтеме жасап. 

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған", - делінген хабарламада. 
Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы барды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.